Арт терапия жаттығулары – Арт-терапия элементтері бар ойындар мен жаттығулар

Арт-терапия элементтері бар ойындар мен жаттығулар

Арт-терапиялық жаттығулар: «Серуендеу»

Мысалы, дәптер бетіндегі "серуендеу" қатысушыларға өздерін жалғыз әріппен белгілеп, парақтың аумағы мен шекарасынан шығып кетпей, белгіленген территорияда "серуендеу" ұсынылады. Арт-терапевттің белгісімен барлық қатысушылар тоқтап қалады. Осыдан кейін кім парақтың қай жерінде орналасқаны талқыланады. Кейбіреулер кеңістікті жақсы сезбейді және олардың "әрпі" қай жерде - парақтың басында ма, әлде соңында немесе шетінде орналасып тұр деген сұраққа жауап берген кезде қателеседі. Мұндай құбылыс дисграфиямен ауыратын балаларға тән. Жаттығуларды қайталаған кезде қатысушыларға, яғни "әріптерге" сөзге, есімге бірігуді ұсынуға болады. Сонымен қатар, оларға сапқа тұруды, дөңгелек, төртбұрыш, т.б. фигураларды жасауды ұсынуға болады. Осы арқылы арт-терапиялық кеңістік дұрыс игеріліп, кеңістікте қиялдау жетіледі. "Серуендеу" ерік болуы мүмкін. Жаттығудың мақсаты - бөлменің белгілі-бір аумағындағы түрлі қимылдар (бірқалыпты және кенет, ақырын және тез) кезінде өзіне көңіл аударып, өз денесін сезіну. Ақырындап жаттығу күрделене береді. Мысалы, серуендеп жүріп қатысушылар вербалды емес тәсілдерді (жест, мимика, күлімдеу) қолдана отырып кездесуді имитациялау. Келесі тапсырмада әр кездесу ден кейін қозғалыстың бағытын шұғыл өзгерту керек. Мысалы, арттерапевттің нұсқауымен 90 немесе 180 градусқа бұрылу, отырып тұру, секіру, т.б. Осылайша дайындаушы жаттығулардың барлығы сезімдерге, эмоциялық күйге назарды шоғырландыруды жүзеге асырады. Джейн Райнның сөзі бойынша бұл әрбір қатысушыға өзін айқындаудың бағытын өзі анықтауға мүмкіндік береді. Бастапқы кезде жетекші сурет салу немесе басқа да шығармашылық іс-әрекетпен айналысу арқылы қатысушылардың өзін айқындаудың еркіндігіне қол жеткізуге көмектесуі керек. Автордың көрсетуі бойынша тапсырмалар қорқынышты тудырмауға, сананың бақылауын әлсіретуге және қатысушыларға өздерінің ішкі күйін көрсетуге көмектеседі. Көніл күйді, өз қиялынан бір нәрсені немесе махаббат, жек көру, сұлулық, еркіндік туралы өздерінің түсініктерін бейнелеуді сұрауға болады. Тапсырманы орындап болған соң қатысушыларға өздерінің қайғыруларын айтып беру ұсынылады, қиялдағы ойларды бейнелеу кезінде басып отырылған эмоциялар көрініс табуы мүмкін. Осындай жағдайда топ болып жұмыс істеуге болады.

"Көңіл-күй бейнесі мен пластикасы"

Пластилинмен және түсті қамырмен жасалатын жұмыс.Қамыр кішкентай балалар үшін қолайлы әрі қауіпсіз материал болып табылады. Осы жаттығуды агрессивті эмоциялар, деструктивті мінез-құлық, қорқыныш терапиясында қолданған пайдалы. Бастапқы кезде белгілі бір түсі бар қамыр немесе пластилиннен келісті форма жасау ұсынылады. Кейін көңіл-күй түсіне сәйкес қатысушылар топқа бірігеді. Әркім өз оқиғасын айтып береді. Кейін индивидуалды жұмыстардан бір түсті ұжымдық композиция жасалады (Тақырыптар: «Менің әлемім», «Менің жан дүнием», «Пластилиннен жасалған кала», «Пластилинді жұмақ», т.б.). қатысушылар өнімінің тақырыбы мен сюжетін, атын өздері ойлап тапса дұрыс болады. Материалдардың иілімділігі жұмыска көптеген өзгерістерді енгізуге, сәйкесінше эмоциялық көңіл-күйді түзетіп жақсартуға жағдай жасайды. Жағымсыз эмоциялар топтың жағымды, тілектестік атмосферасында еріп, жоғалып кетуі мүмкін. Осындай мақсатта терапия ұжымдық форма жасаумен аяқталады, яғни жеке пластилиндік фрагменттерден бір түсті «Көңіл-күй шарын» жасау. Осы жаттыудың басқа түріндегі нұсқay нақтырақ болуы мүмкін:

1.белгілі бір көңіл-күйді бейнелеңіз (немесе өзіңіздің қиялдарыңызды; бақыт, сұлулық, махаббат, еркіндік, сезім, т.б. туралы түсініктеріңізді). 2.өзіңіздің «мен» бейнесін жасаңыз (субтұлғаны). метафора қолдану арқылы пластилиннен өзіңіздің ұнайтын және ұнамайтын қасиеттеріңізді бейнелеңіз презентациялаудың кез келген түрін қолдана отырып пластикалық бейнеде көрініс табатын өзіңіздің қайғыруларыңызды бейнелеп беріңіз. Пластилиннен, қамырдан, саз балшықтан форма жасау көркемдік бейненің символдық мәні мен түрін өзгерту! Мүмкін, сондықтан да ол өзге координат жүйесінде жаңа «Мен» бейнесін, өнімді қарым-қатынасты, тұлғаның құндылықтарын модельдеуге көмектесетін тиімді арт-терапиялық тәсіл болып табылады.

«Сезімдерді бояу»

Осы жаттығуды екі кезең бойынша өткізген дұрыс. Бастапқыдан қатысушылар А4 парағына абстракты түрде сызықтар мен формалар арқылы өз тәжірибесінен белгілі ең жақын сезімдерді жай қаламмен бейнелеуі керек. Мазасыз және тұйық балалармен жұмыс жасаған кезде АЗ форматын, көркемдік көмірді немесе сангинаны қолданған дұрыс. Бейнеленген сезімдердің атауы суреттердің екінші бетіне жазылады. Кейін әр бейнеге сәйкес түсті таңдай отырып суреттерді бояу қажет. Бұл жаттығу көркем түрде теренде жатқан сезімдерді бейнелеуге, яғни іштей серпіліске жетуге көмектеседі. Бұл өздерінің эмоцияларын ұстай алмайтын және агрессия немесе деструкті мінез-құлыққа бейім субъектілер мен жұмыс жасағанда пайдалы. Психологтың міндеті өздерінің сезімдерін шынайы білдіруге және басқаларға қатысты сыйластықпен қарауға түрткі болу. Балаларға сезімдер мен моральді байланыстыра білуді үйрену керек. Біртіндеп өзінің басым сезімдерін зерттеуге және анализдеуге қажет құнды тәжірибе мен батылдық жиналады. Осындай сезімдерді үғынуға көмектесу арт-терапиялық ойындар мен жаттығулардың психотерапиялық қорын құрайды. Себебі ұғынылған және ұғынылмаған эмоциялардың арасындағы конфликт невроздардың негізі болып табылады.

«5 қимыл биі» жаттығуы

Әуендер: «Су ағысы», «Барабан соғысы», «Қуыршақ қимылы», «Көбелектің ұшуы», «Тыныштық».

Бес түрлі әуенге әрқайсысына сәйкес қимылдар жасап билейді.

«Балалық шаққа саяхат»

Ерте кездегі еске түсірулердің суреттері автордың оны қоршаған ортамен өзара байланысының өзінше бір метафорасы ретінде қарастырылады. Балалық еске түсірулер тұлға аралық қатынастардың символикалық моделі ретінде өзара әрекеттесудің индивидуалды ерекшеліктерін, коммуникативті қиындықтарды және оларды шешудің тәсілдерін, бұрынғы және қазіргі кездегі жауап қайтарудың сипатын бейнелейді деп есептелінеді. Аталған феномен бейнелеу өнерінің табиғатымен тығыз байланысты және арт-терапиялық диагностика контексінде үлкен маңызға ие. Балалық еске түсірулердің сөздері мен суреттері субъектінің ішкі өмірімен байланысты сезімдерді шығармашылық тұрғыдан айқындауға үлкен түрткі болып табылады. Сондықтан бірнеше терапиялық сабақтардың тақырыбы мынадай болуы мүмкін: «Өзіме бала сияқты ойнауды рұқсат ете аламын». Тапсырмалардың бірі: жазбайтын қолмен балалық шақтан ең сүйікті ойынды салып, суретке атау беру керек. Мақсатқа байланысты нұсқау балалық еске түсірудің эмоциялық бояуын таңдауға еркіндік қалдырады. Дәлірек айтқанда: -жазбайтын қолмен балалық шақтың белгілі оқиғасын салу; -жазбайтын қолмен балалық шақтьщ ең жарқын еске түсіруін салу. Жұмыста жұмсақ бейнелеу құралдарын (балауыздан жасалған борлар, пастель) және форматы үлкен қағаздарды (АЗ және одан үлкендерін) қолданған дұрыс. Оң қолмен жазатын адамдар сол қолымен сурет салу кезінде өздерінің қабілеттерінің шекарасын кеңейтеді, сана бақылауын азайтып, сезімдерге қарайды, яғни спонтанды бола бастайды. Ол өз суретінің көркемділігі туралы ойламай, жай сурет сала бастайды. Осындай кезде күшті қайғырулардың, балалық қорқыныштың көрініс табуы және жарқын шығармашылық бейнелердің пайда болуы мүмкін. Неліктен осы балалық ойда пайда болғанын талқылаған дұрыс. Адам бейнелермен жұмыс істеу кезінде өзін қалай сезінді және өзін қазір қалай сезініп жатыр? Еске түскен оқиғаның азтордың «өмірлік сценариімен», мінезқұлықтың басым жақтарымен қандай байланысы бар? Оның қазіргі өмірінде қалай көрініс тауып жатыр?. Келесі терапиялардағы балалық еске түсірулердің тақырыбы мынадай болуы мүмкін: «Менің бірінші өтірігім», «Есте қалған оқиға», «Мен - кішкентай бала», «Мен кішкентай болған кезімде ... », «Балалық құпия», т.б. тез өтіп кетеді. (Сөздер мен символдар өзіндік реттеудің табиғи механизмдерін қосуға қабілетті жарқын әсерлер мен шынайы сезімдерді оятатыны белгілі.Қорқыныш сезім (эмоциялық компонент) міндетті түрде қимылдық мазасыздықты (моторлық компонент), адамның ойының өзгеруін тудыратыны жалпыға белгілі. Демек жағымды бей нені суреттеп қиялдаған кезде мимика, жест,қимылдар өзіне және басқаларға деген қарым-қатынаста көрініс табатын рахаттану сезімін бастан өткізуге болады. Сондықтан терапия мақсатында жағымды тақырыптар пайдалы: "Мен жақсымын", "Балалық шағымның ең жарқын әсерлері", "Қуаныш". Арт-терапиялық техникалардың нәтижелілігін қатысушылардың өздерінің пікірлері, олардың тұрақты түрде терапияға қатысуға деген құлшыныстары, сонымен қатар өзара қapым-қaтынас тaғы жағымды өзгерістер және басқа да белгілер дәлелдейді. Арт-терапияның тиімділігінің жалпыланған белгісі болып қатысушылардың көңіл-күйінің әлеуметтік және психологиялық динамикасының көрсеткіші есептеледі.

«Кемпірқосақтың түстері. (Радуга)»

Бұл негізіен кооперпацияға арналған жатгығу. Жатгығу cәтri болу үшін әр ойыншы бірін-бірі жан тәнімен түсінісуі керек, нәтежиесінде ойынның баяу жүруіне қарамастан олар бір ритмге және бірдей жағымды көңіл күйде болуы керек. 1.Ойыншылар шағын 5-6 адамнан тұратын топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің шеңберлерін жасап бір басшы сайлайды және ол жоғары дауыспен үшке дейін санау керек. Топ басшы «3» деп айтқан cәтre қалғандары бірдей түсті айтып хормен айту керек. Мысалы: қызыл, қара, көк. Ойынның мақсаты - әр топтың мүшелері алдын ала келіспей ақ бәрі бірдей түсті айтуында. Осымен қоса мына шартгарды орындау керек: ойыншылар бір түсті екінші рет қайталамау керек. 2.Жатгығу барлық ойыншы бірдей түсті айтқанда бітеді. Жалпы алғанда, ұсынылған жаттығулар жан-жақты болып табылады. Олар айна секілді шынайы өмірдегі адамның мінез-құлық моделін бейнелейді.

infourok.ru

👉 Балаларға арналған арт-терапия - әдістер, түрлері, әдістері, жаттығулары

Арт-терапия – терапевтік, оңалту және түзету жұмыстарын қамтиды психотерапия негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ол пациенттерге көмектесу үшін визуалды өнерді пайдалануға негізделген. «Арт-терапия» термині бастапқыда ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде қолданылған. Ол ХХ ғасырдың бірінші жартысында пайда болды. Бұл термин өнерге негізделген оңалтудың және терапевтік тәжірибенің түрлі әдістерін белгіледі.

Бүгін арттерапия науқастың, оның жұмысына және психотерапевт арасындағы өзара іс-қимыл туралы үш жағы бағытын көздейді науқастың көрнекі жұмыс, терапиялық пайдалану болып табылады. қағазда көрнекі суреттер құру клиент сөзбен айту өте қиын екенін, бүгінгі күнге дейін өткен немесе ағымдағы тәжірибесі білдіру оған көмектесіп, тұлғааралық қарым-қатынас ең маңызды құралы болып саналады және клиент танымдық қызметінің нысаны болып табылады.

Арт-терапия әдістері

арт-терапия әдістерін негізгі мақсаты өзін-өзі білдіру дағдылар мен білімді қалыптастыру арқылы жеке тұлғаның үйлесімді дамуына құру жатыр.Классикалық психоанализді ұстанушыларынан, арт-терапиядағы психо-түзету әсерінің негізгі құралы сублимация механизмі болып табылады. К.Юнг «Мен» бейсаналық пен «Мен» санасы арасындағы тепе-теңдікті қалыптастыруға негізделген жеке тұлғаны қалыптастыру процесін жеңілдету үшін өнердің жетекші рөлін болжады. ең маңызды әдісі өнер емдік әсері Юнг бір-біріне «Мен» саналы және олардың салыстырып тексеру аффективтік өзара іс-қимыл арқылы өзара «Мен» бейсаналық қайшы бағытталған белсенді сурет техникасын, қаралады.

Арт-терапия негізгі әдіс немесе көмекші әдіс ретінде қолданыла алады.

Бүгінде біз арт-терапия әдісіне тән екі адам, адам психикасына түзету әрекетін негізгі әдістерін ажыратуға болады.

Art қақтығыстың травматикалық жағдайды қайталауға арнайы символдық түрінде көмектеседі және сіз клиент шығармашылық және шығармашылық қабілетін пайдалана отырып, осындай жағдайды айырбастау арқылы оны шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді. Бұл арт-терапияның алғашқы әдісі.

Екінші әдіс тығыз сіз теріс және оң әсер әсерін өзгертуге мүмкіндік береді эстетикалық реакцияның, пайда сипатына байланысты.

арттерапия әдістері және т.б. кескіндеме, мүсін, музыка, қағаз, мүсін өнерімен, ағаш және тас модельдеу, шығармашылық жазу, ән, би, қамтиды

Арт-терапия сабақтары екі жолмен жүргізілуі мүмкін. Бірінші жолы клиентке берілген тақырып бойынша сызбасы белгілі бір материалдан жасалған бұйымдар дайындау мүмкіндігін ұсыну болып табылады. Бұл сіз таңғажайып ерекше түс құрамаларынан, сюжет және оның өзіндік түрінде бастапқы өрнек көруге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталғандардың барлығы клиенттерге проблемаларын болуын және сапасын көрсететін әлемнің науқастың қабылдау, диагноз қою үшін қосымша ақпаратты қамтамасыз ету үшін таңбалардың сана құпия жеп бейнелейтін эмоциялар, сезімдер, қамқорлық, ерекшеліктерімен тікелей байланысы бар.

Екінші жолы клиенттер тақырып немесе сюжет қолөнері, материалды, құралдарды таңдау шақырылады құрылымсыз қызметі болып табылады.Бұл әдістің соңғы сатысы тақырыпты немесе сюжетті талқылау, орындау тәртібі, материалды таңдау,

Көптеген танымал психотерапевтер күнделікті тұрмыста бейімделгіш қабілеттерді арттыруда арт-терапияның жетекші рөлін атап өтеді.

арт-терапия әдістерін түрлі клиент ақыл тереңдігі ауыртпалықсыз тәсілдерді алу үшін нақты жағдайды жасайды, ол әлемнің қабылдау үшін жауапты бұрын бұғатталған немесе дамымаған перцептивті жүйесін әзірлеуге көмек көрсету, оның бейсаналық уайым-қайғың мен тәжірибе жұмыс ынталандыру мүмкіндік береді, ассоциативті-шығармашылық ойлауды қалыптастыру. Тәжірибелі психолог немесе психотерапевт үшін арт-терапия құнды диагностикалық құрал болып табылады. Көркем-терапевтік әдістердің алуан түрлері шығармашылық көңіл-күйлер үшін теңдесі жоқ көлемді ашады.

Арт-терапевтік емдеудің алдыңғы қатарлы әдістерінің бірі – аудармада орталық немесе шеңберді білдіретін Мандала әдісі. Сурет мандала симметриялы болып табылады және әдетте айқын ортасы бар шеңбер.Шеңбердің ішіндегі саны әр түрлі

kk.psichiatria.org

АРТ - ТЕРАПИЯ түрлері - психологу, презентации

Семинар 
Тақырыбы:
 «Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы» 
Мақсаты: 
• Қатысушыларға Арт-терапия туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу. 
• Арт-терапияның түрлерімен таныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдалану. 
• Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу. 
• Қатысушылардың достық қарым-қатынасын, ұжыммен жұмыс жасауды арттыру. 
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: 
• Шығармашылық тапсырмалар. 
• Дамытушы ойындар. 
• Пікір алмасу. 
Құрал-жабдықтар: Үнтаспа, ватман, маркер, ақ парақ қағаздар, қалам, қарындаш, краска-бояулар, кубиктер, шарлар, доп, эмблемалар, әр топқа арналған конверткалар. 
I. Бөлім. Ұйымдастыру кезеңі 
I.1. Амандасу рәсімі. «Балалық шаққа саяхат». 

-Сәлеметсіздер ме, құрметті мұғалімдер! Біз сіздерді тағатсыздана күттік және сіздермен кездескеніміз үшін қуаныштымыз. Сіздерді ортаға шеңберге тұруға шақырамын. Баяу музыка қосылады. 
Қайырымды жандар айнала, 
Шеңберге келсін жайлана. 
Жалықпастан қайта біз, 
Махаббат сөзін айтамыз. 
Сүйеміз барлық әлемді, 
Әлемдегі бар елді. 
Бақыттымыз осы біз 
Қасымызда досымыз!- мұғалімдер шеңбер бойына тұрады, жүргізуші шеңберде нұсқау береді: «Қазір бір сәтке балалық шағымызға саяхат жасаймыз. Сіздерді жақын туыстарыңыз бала кездеріңізде еркелетіп қалай атады, соны есімізге түсірейік. Мысалы, мені апам кішкентай кезімде «құлыным» деп атаған. Ал сізді ше?», деп допты келесі адамға береді. Ойын ары қарай жалғасады. Қаншама әдемі аттарды естідік, тамаша! 

I.2. Топқа бөлу. Шеңбер бойында тұрған тәрбиешілерді үш топқа балабақшадағы топ аттарымен бөлу. Эмблема тарату. «Балапан», «Ақбота», «Қызғалдақ» топтарына бөліп, орналастыру. 
Тренер: семинар-тренинг тақырыбымен таныстыру, мақсатын ашу. 

I.3. Шығармашылық тапсырма: Арт-терапия туралы әр топтың өзіндік ассоцациясы. Әр топқа ассоцация картасы беріледі. Берілген уақыт 2 минут. Әр топтан бір адам шығып топтың жұмысын қорғайды. 

АРТ-терапиясы туралы түсінік. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. 
Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек. 
Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді. 
Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру- арттерапияның ерекшелігі. 
II. Бөлім. АРТ-ТЕРАПИЯ түрлеріне тоқталу. 
Арт терапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б. 
Музыкалық терапия 
Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады. 
Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді. 
Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі. 
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді. 

Бейнелеу терапиясы 
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады. 
Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді. 
Саусақ живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады. 
Бейнелеу терапиясының түрлері: 1.Поролон бөліктерімен сурет салу. 
2.Сабынмен сурет салу. 
3.Щеткамен сурет салу. 
4.Майшаммен сурет салу. 

Ойын терапиясы 
Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады. 
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады. 
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз. 
1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру. 
2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту. 
3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру. 
4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту. 
5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту. 
6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту. 

Құм терапиясы (Sand play) 
Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды,жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. 
Құм терапиясы- клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп түрлері оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бйнелеме(символика)әлемге жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді. 

II.1. Шығармашылық тапсырма (коллаж). Музыка терапиясы мен бейнелеу терапиясының біріктіріліп өткізілуі. 
Көңілді музыка қосылады. Әр топқа ватман мен маркер, бояулар, паралон бөліктері, сабын, майшам, щетка беріліп, тапсырманың тақырыбы баяндалады.

Тақырыбы: «Менің бақытты балалық шағым». Берілетін уақыт музыка біткенше. Әр топтың жұмысы қорғалады. 

II.3. Ойын терапиясы мен қозғалмалы би терапиясына арналған ойын-жаттығу. 
Музыка әуенімен әр топ берілген кедергілерден би билей өту арқылы, шарларды жару керек. Шар ішінде әр қатысушыға арналған сыйлық бар. Шарды жара алмаған қатысушыға екінші мүмкіндік беріліп, өз сыйлығын алуға болады. 

Әріптестік қарым-қатынас тренингі
Мақсаты: Жеке тұлғаға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің 
адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін 
дамыту, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі: Ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, сөздер жазылған карточкалар, 
музыка, слайд.
І. Сәлемдесу (дәстүрлі емес)
Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне 
жылулық сыйлау.
Топтағы қатысушылар сыртқы және ішкі шеңберге бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Содан кейін бір-бірімен мынадай қимыл-қозғалыстар арқылы сәлемдесіп шығады: алақанның сырт жағымен, саусақпен, шынтақпен, иықпен, тіземен, т.б. 

ІІ. «Өзіңді тереңірек тани біл»
Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. Сол жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.
Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.
Шабдаланы ұнататын адамдар көпшіл, кез-келген адаммен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз-қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.
Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуанышпен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады.

ІҮ. Сергіту сәті «Мен ең сұлумын»
Бұл сергіту жаттығуы үшін екі жеңсіз көйлек (немесе алжапқыш) және екі үшкіл орамал қажет. Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Командалардың алдында 8-10 метр қашықтықта орындықтар қойылады, оларға бір жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалдан қойылады. Жаттықтырушының белгісі бойынша команданың бірінші қатысушысы орындыққа жүгіріп келіп, жеңсіз көйлекті киеді де, үшкіл орамалды басына тағып, дауыстап: «Мен ең сұлумын»,- деп айтады. Содан соң жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалды шешеді де, оларды орындыққа қойып, мәре сызығына қайтып оралады.Оның соңынан ілесісушы дәл соны жасайды. 

Ү. «Балалық шақтан қызықты оқиға»
Мақсаты: эмпатияны дамыту.
Жүрісі: Қорапшаға билеттер салынады. Ол билеттердің арасында «балалық шақтан қызықты оқиға» деп жазылған. Кімге «балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол тәрбиеші өзінің балалық шақта бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.
Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

III. Бөлім. Рефлексия 
Қатысушыларды шеңбер жасатып отырғызып, алған әсерлерімен бөлісу.
ҮІ. Қорытынды
Сабақ соңында қатысушыларға өзіне және өзге адамға тілек жазу тапсырмасы беріледі. Тілектерді жаттанды сөздер арқылы, теңеу арқылы және әдеби көркем сөздер арқылы жазуға болады. Сабақты «Тілек»тренингімен аяқтау және қатысушылардың пікірін тыңдау.

kopilkaurokov.ru

Тақырыбы: «Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы»

Семинар
Тақырыбы:
«Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы»
Мақсаты:
• Қатысушыларға Арт-терапия туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу.
• Арт-терапияның түрлерімен таныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдалану.
• Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу.
• Қатысушылардың достық қарым-қатынасын, ұжыммен жұмыс жасауды арттыру.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
• Шығармашылық тапсырмалар.
• Дамытушы ойындар.
• Пікір алмасу.
Құрал-жабдықтар: Үнтаспа, ватман, маркер, ақ парақ қағаздар, қалам, қарындаш, краска-бояулар, кубиктер, шарлар, доп, эмблемалар, әр топқа арналған конверткалар.
I. Бөлім. Ұйымдастыру кезеңі

I.1. Амандасу рәсімі. «Балалық шаққа саяхат».

-Сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер! Біз сіздерді тағатсыздана күттік және сіздермен кездескеніміз үшін қуаныштымыз. Сіздерді ортаға шеңберге тұруға шақырамын. Баяу музыка қосылады.
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз!- тәрбиешілер шеңбер бойына тұрады, жүргізуші шеңберде нұсқау береді: «Қазір бір сәтке балалық шағымызға саяхат жасаймыз. Сіздерді жақын туыстарыңыз бала кездеріңізде еркелетіп қалай атады, соны есімізге түсірейік. Мысалы, мені апам кішкентай кезімде «құлыным» деп атаған. Ал сізді ше?», деп допты келесі адамға береді. Ойын ары қарай жалғасады. Қаншама әдемі аттарды естідік, тамаша!

I.2. Топқа бөлу. Шеңбер бойында тұрған тәрбиешілерді үш топқа балабақшадағы топ аттарымен бөлу. Эмблема тарату. «Балапан», «Ақбота», «Қызғалдақ» топтарына бөліп, орналастыру.
Тренер: семинар-тренинг тақырыбымен таныстыру, мақсатын ашу.

I.3. Шығармашылық тапсырма: Арт-терапия туралы әр топтың өзіндік ассоцациясы. Әр топқа ассоцация картасы беріледі. Берілген уақыт 2 минут. Әр топтан бір адам шығып топтың жұмысын қорғайды.

АРТ-ТЕРАПИЯсы туралы түсінік. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.
Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.
Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.
Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру- арттерапияның ерекшелігі.
II. Бөлім. АРТ-ТЕРАПИЯ түрлеріне тоқталу.
Арт терапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б.
Музыкалық терапия
Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады.
Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.
Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.

Бейнелеу терапиясы
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.
Саусақ живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады.
Бейнелеу терапиясының түрлері: 1.Поролон бөліктерімен сурет салу.
2.Сабынмен сурет салу.
3.Щеткамен сурет салу.
4.Майшаммен сурет салу.

Ойын терапиясы
Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз.
1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту.
3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру.
4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту.
5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту.
6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту.
Құм терапиясы (Sand play)
Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды,жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Құм терапиясы- клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп түрлері оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бйнелеме(символика)әлемге жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді.

II.1. Шығармашылық тапсырма (коллаж). Музыка терапиясы мен бейнелеу терапиясының біріктіріліп өткізілуі.
Көңілді музыка қосылады. Әр топқа ватман мен маркер, бояулар, паралон бөліктері, сабын, майшам, щетка беріліп, тапсырманың тақырыбы баяндалады.

Тақырыбы: «Менің бақытты балалық шағым». Берілетін уақыт музыка біткенше. Әр топтың жұмысы қорғалады.

II.3. Ойын терапиясы мен қозғалмалы би терапиясына арналған ойын-жаттығу.
Музыка әуенімен әр топ берілген кедергілерден би билей өту арқылы, шарларды жару керек. Шар ішінде әр қатысушыға арналған сыйлық бар. Шарды жара алмаған қатысушыға екінші мүмкіндік беріліп, өз сыйлығын алуға болады.

Әріптестік қарым-қатынас тренингі
Мақсаты: Жеке тұлғаға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің
адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін
дамыту, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі: Ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, сөздер жазылған карточкалар,
музыка, слайд.
І. Сәлемдесу (дәстүрлі емес)
Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне
жылулық сыйлау.
Топтағы қатысушылар сыртқы және ішкі шеңберге бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Содан кейін бір-бірімен мынадай қимыл-қозғалыстар арқылы сәлемдесіп шығады: алақанның сырт жағымен, саусақпен, шынтақпен, иықпен, тіземен, т.б.

ІІ. «Өзіңді тереңірек тани біл»
Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. Сол жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.
Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.
Шабдаланы ұнататын адамдар көпшіл, кез-келген адаммен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз-қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.
Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуанышпен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады.

ІҮ. Сергіту сәті «Мен ең сұлумын»
Бұл сергіту жаттығуы үшін екі жеңсіз көйлек (немесе алжапқыш) және екі үшкіл орамал қажет. Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Командалардың алдында 8-10 метр қашықтықта орындықтар қойылады, оларға бір жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалдан қойылады. Жаттықтырушының белгісі бойынша команданың бірінші қатысушысы орындыққа жүгіріп келіп, жеңсіз көйлекті киеді де, үшкіл орамалды басына тағып, дауыстап: «Мен ең сұлумын»,- деп айтады. Содан соң жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалды шешеді де, оларды орындыққа қойып, мәре сызығына қайтып оралады.

Оның соңынан ілесісушы дәл соны жасайды.

Ү. «Балалық шақтан қызықты оқиға»
Мақсаты: эмпатияны дамыту.
Жүрісі: Қорапшаға билеттер салынады. Ол билеттердің арасында «балалық шақтан қызықты оқиға» деп жазылған. Кімге «балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол тәрбиеші өзінің балалық шақта бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.
Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

III. Бөлім. Рефлексия
Қатысушыларды шеңбер жасатып отырғызып, алған әсерлерімен бөлісу.

ҮІ. Қорытынды
Сабақ соңында қатысушыларға өзіне және өзге адамға тілек жазу тапсырмасы беріледі. Тілектерді жаттанды сөздер арқылы, теңеу арқылы және әдеби көркем сөздер арқылы жазуға болады. Сабақты «Тілек»

тренингімен аяқтау және қатысушылардың пікірін тыңдау.

www.metod-kopilka.ru

"АРТ-ТЕРАПИЯ- ӨНЕРМЕН ЕМДЕУ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТЕРАПИЯСЫ"

«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» ҚМҚК

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

ТАҚЫРЫБЫ: АРТ-ТЕРАПИЯ- ӨНЕРМЕН ЕМДЕУ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТЕРАПИЯСЫ

Семей 2015ж

Тақырыбы: Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы

Мақсаты:

  • Қатысушыларға Арт-терапия туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу;

  • Арт-терапияның түрлерімен таныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдалану;

  • Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу;

  • Қатысушылардың достық қарым-қатынасын, ұжыммен жұмыс жасауды арттыру;

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Құрал-жабдықтар: Үн таспа, ватман, маркер, ақ парақ қағаздар, қалам, қарындаш, краска-бояулар, кубиктер, шарлар, доп, эмблемалар, әр топқа арналған куверткалар.

I. Бөлім. Ұйымдастыру кезеңі

I.1. Амандасу рәсімі. «Балалық шаққа саяхат».

-Сәлеметсіздер ме құрметті тәрбиешілер! Біз сіздерді тағатсыздана күттік және сіздермен кездескеніміз үшін қуаныштымыз. Сіздерді ортаға шеңберге тұруға шақырамын. Баяу музыка қосылады.

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз!- тәрбиешілер шеңбер бойына тұрады, жүргізуші шеңберде нұсқау береді: қазір бір сәтке балалық шағымызға саяхат жасаймыз. Сіздерді жақын туыстарыңыз бала кездеріңізде еркелетіп қалай атады, соны есімізге түсірейік. Мысалы, мені апам кішкентай кезімде «құлыным» деп атаған. Ал сізді ше? деп допты келесі адамға береді. Ойын ары қарай жалғасады. Қаншама әдемі аттарды естідік, тамаша!

I.2. Топқа бөлу. Шеңбер бойында тұрған тәрбиешілерді үш топқа балабақшадағы топ аттарымен бөлу. Эмблема тарату. «Балапан», «Ақбота», «Қызғалдақ» топтарына бөліп, орналастыру.

Тренер: Семинар-тренинг тақырыбымен таныстыру, мақсатын ашу.

I.3. Шығармашылық тапсырма: Арт-терапия туралы әр топтың өзіндік ассоцациясы. Әр топқа ассоцация картасы беріледі. Берілген уақыт 2 мин. Әр топтан бір адам шығып топтың жұмысын қорғайды.

АРТ-ТЕРАПИЯсы туралы түсінік. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.

Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.

Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.

Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру- арттерапияның ерекшелігі.

Сіздерді енді Арт-терапия түрлерімен таныстыру үшін ортаға Әйгерімді шақырамын.

II. Бөлім. АРТ-ТЕРАПИЯ түрлеріне тоқталу.

Арт терапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б.

Музыкалық терапия

Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік,дәрілік зат ретінде қолданылады.

Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.

Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.

Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.

Бейнелеу терапиясы

Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.

Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.

Саусақ живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады.

Бейнелеу терапиясының түрлері: 1.Поролон бөліктерімен сурет салу

2.Сабынмен сурет салу

3.Щеткамен сурет салу

4.Майшаммен сурет салу.

Ойын терапиясы

Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.

Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.

Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз.

  1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.

  2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту.

  3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру.

  4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту.

  5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту.

  6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту.

Құм терапиясы(Sand play)

Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды,жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.

Құм терапиясы- клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп түрлері оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бйнелеме(символика)әлемге жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді.

II.1. Шығармашылық тапсырма (коллаж). Музыка терапиясы мен бейнелеу терапиясының біріктіріліп өткізілуі.

Көңілді музыка қосылады. Әр топқа ватман мен маркер, бояулар, паралон бөліктері, сабын, майшам, щетка беріліп, тапсырманың тақырыбы баяндалады. Тақырыбы: «Менің бақытты балалық шағым». Берілетін уақыт музыка біткенше. Әр топтың жұмысы қорғалады.

II.2. Сергіту сәті. «Африкадағы жаңбыр».

II.3. Ойын терапиясы мен қозғалмалы би терапиясына арналған ойын-жаттығу.

Музыка әуенімен әр топ берілген кедергілерден би билей өту арқылы, шарларды жару керек. Шар ішінде әр қатысушыға арналған сыйлық бар. Шарды жара алмаған қатысушыға екінші мүмкіндік беріліп, өз сыйлығын алуға болады.

III. Бөлім. Рефлексия

Қатысушыларды шеңбер жасатып отырғызып, алған әсерлерімен бөлісу.

infourok.ru

"АРТ-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы" психологиялық тренинг

Семинар Тақырыбы: «Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы»


Тақырыбы: «Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы» 
Мақсаты: 
• Қатысушыларға Арт-терапия туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу. 
• Арт-терапияның түрлерімен таныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдалану. 
• Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу. 
• Қатысушылардың достық қарым-қатынасын, ұжыммен жұмыс жасауды арттыру. 
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: 
•Шығармашылық тапсырмалар. 
•Дамытушы ойындар. 
•Пікір алмасу. 
Құрал-жабдықтар: Үнтаспа, ватман, маркер, ақ парақ қағаздар, қалам, қарындаш, краска-бояулар, кубиктер, шарлар, доп, эмблемалар, әр топқа арналған куверткалар. 
I. Бөлім. Ұйымдастыру кезеңі 

I.1. Амандасу рәсімі. «Балалық шаққа саяхат». 
-Сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер! Біз сіздерді тағатсыздана күттік және сіздермен кездескеніміз үшін қуаныштымыз. Сіздерді ортаға шеңберге тұруға шақырамын. Баяу музыка қосылады. 
Қайырымды жандар айнала, 
Шеңберге келсін жайлана. 
Жалықпастан қайта біз, 
Махаббат сөзін айтамыз. 
Сүйеміз барлық әлемді, 
Әлемдегі бар елді. 
Бақыттымыз осы біз 
Қасымызда досымыз!- тәрбиешілер шеңбер бойына тұрады, жүргізуші шеңберде нұсқау береді: «Қазір бір сәтке балалық шағымызға саяхат жасаймыз. Сіздерді жақын туыстарыңыз бала кездеріңізде еркелетіп қалай атады, соны есімізге түсірейік. Мысалы, мені апам кішкентай кезімде «құлыным» деп атаған. Ал сізді ше?», деп допты келесі адамға береді. Ойын ары қарай жалғасады. Қаншама әдемі аттарды естідік, тамаша! 

I.2. Топқа бөлу. Шеңбер бойында тұрған тәрбиешілерді үш топқа балабақшадағы топ аттарымен бөлу. Эмблема тарату. «Сұңқар», «Қыран» топтарына бөліп, орналастыру. 
Тренер: семинар-тренинг тақырыбымен таныстыру, мақсатын ашу. 

I.3. Шығармашылық тапсырма: Арт-терапия туралы әр топтың өзіндік ассоцациясы. Әр топқа ассоцация картасы беріледі. Берілген уақыт 2 минут. Әр топтан бір адам шығып топтың жұмысын қорғайды. 

АРТ-ТЕРАПИЯсы туралы түсінік. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде.

Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. 
Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек. 
Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді. 
Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру- арттерапияның ерекшелігі. 
Сіздерді енді Арт-терапия түрлерімен таныстыру үшін ортаға Әйгерімді шақырамын. 

II. Бөлім. АРТ-ТЕРАПИЯ түрлеріне тоқталу. 
Арт терапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б. 
Музыкалық терапия 
Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады. 
Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді. 
Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі. 
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді. 

Бейнелеу терапиясы 
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады. 
Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді. 
Саусақ живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады. 
Бейнелеу терапиясының түрлері: 1.Поролон бөліктерімен сурет салу. 
2.Сабынмен сурет салу. 
3.Щеткамен сурет салу. 
4.Майшаммен сурет салу. 

АРТ-терапия:АВТОПОРТРЕТ

БАСЫ: интеллектісіне (ақыл-ойға)байланысты критерий

Әлсіз салынса ақыл-ойына көңілі толмайтын адамдар.

Қатты салынса ақыл-ойына көңілі толатын адамдар.

Кішкентай бас болса, ақыл-ойға көңіл бөлмейтін адамдар.

Кішкене ақырын салынса, ортада өзін көрсете алмайды.

Қатты үлкен салынса, өзін ақылдымын деп санайтын адамдар.

КӨЗІ: үлкен ашылса, сенімсіз (басқалардың пікіріне аса назар аударады).

Кішкене болса, өз-өзімен жүретін (интроверт) ойы бітпейтін адамдар.

КІРПІК: бар болса, салқын адамдар, жоқ болса, тік мінезді.

АУЫЗ: салынса, бұл тіл байлығының жеткіліксіздігі. Ауыз салынбаса,дипрессияда жүрген адам.

Жымиған ауыз салынса,өзін-өзі қинап,сыпайы болуға тырысатын адам.

Түзу салынған ауыз, бұл кекшіл адам.

Екі шеті төмен қарай жымқырылған ауыз, бұл ештеңегекөңілі толмайтын,енжар адам.

ТІС: көрініп тұрса, агрессивті адам.

ҚҰЛАҚ: үлкен болса, сынға қарсы тұратын адам, кішкене болса, сынға назар аудармайтын адам. Құлақ жоқ болса, адамның интеллектісінің төмен болуы.

МҰРЫН: қатты бейнелеу сексуалды проблемасы бар екенін көрсетеді,

Нүкте түрінде салынса, сексуалды проблемасы жоқ.Мұрынның

қанаттарының қатты салынуы агрессияның белгісі.

ҚОЛЫ: басқа адамдармен қарым-қатынасын көрсетеді. Егер қолда қысым болса, бұл қарым-қатынаста қатал, тұйық, өз парызын жақсы түсінетін адам. Қол төмен қараса, қарым-қатынас нәтижесіздігі. Нәзік салынған қол болса, физикалық энергиясының аз болуы, басқа адамдарға тәуелді болатындығын көрсетеді, психологиялық энергиясы аз, сөз таба алмай қалады. Қолы қысқа немесе жоқ болса, адамның сезімінің нашарлығы немесе жоқтығы. Егер қолын үлкен қатты салса, айналасындағылармен көп араласатын адам. Қолын қалтаға салуы немесе артында ұстауы өзіне-өзі сенімсіз, өзі кінәлі сезінетін, ұялшақ адам. Қолы домалақ болса, жаратылысында агрессия бар. Бірақ оны сыртқа көрсетпейді.Саусақтары бестен артық болса, амбициозды, агрессивті адам, яғни өзін жоғары санайды. Қолына нәрсе ұстап тұрса, қарым-қатынастың қандай екенін көрсетпеуге тырысатын адам.

АЯҚТАРЫ: денесінің көлеміне байланысты. Аяғы ұзын болса, еркін жүретін адам. Қысқа немесе жоқ болса, өмірде психологиялық тіректері нашар және жасқаншақтығы көрінеді.

ПОЗАСЫ: егер суреттен желкесін байқауға болса, яғни бетін тура салмайтын болса, адамның тұйықтығы.

ДЕНЕСІ: амфаз, басы профиль болса, маңайындағы біреуден жасқанатынын көрсетеді.

Орындықта отырса, адамның жалғыздығын көрсетеді. Бірақ ситуациядан шығуға тырысатын адам, жалғыздықтан қорқатын адам.

Жүгіріп немесе жүріп бара жатқан адам біреуден қашып жүргендігін көрсетеді.

Адам төсекте жатса, жалқау адам екендігін көрсетеді.

Тура салса, адамның өзін-өзі жақсы көретіндігін және енжарлығын көрсетеді

«Үй салыңыз» тесті

Бұл тест кең таралған тесттердің бірі.

Нұсқау: «Үй» деген сөзді естігенде, сіздің қиялыңызда қандай сурет пайда болды, соны бірден салыңыз.

Қалалық үй.

Көп қабатты ғимарат. Бұл суретті көп адамдар сала бермейді. Себебі, барлық адамдар «идеалды» үй салуға талпынады. Бұл сурет өз мәселелерін ешкіммен бөліспейтін, өз-өзімен жүретін тұйық мінезді адамдарды көрсетеді.

Кішкентай аласа үй.

Шатырды аласа салған адам өзін шаршаған адам деп есептейді. Өткен өмірінде еске алатындай жағымды сәттер болмаса да, өткенді еске түсіргенді жақсы көретін адам.

Сарай (замок).

Мұндай сурет мінездегі жұмсақтықты, салмақсыздықты, жеңілтектікті білдіреді. Адамның аса қиялдылығын көрсетеді. Өз міндеттерін орындап үлгере алмайтындар.

Кең ауылдық үй.

Өз тұрғын үй орынын кеңейту қажеттілігін білдіреді. Егер осындай үй салған адам жалғыз, баласыз болса, онда оның жанұясының құрып, бала өсіру қажеттілігін көрсетеді. Егер үйді темір қорған қоршап тұрса, онда ол тұйық мінезді білдіреді. Ал егер үй айналасында тоғай, гүлдер болса, ол керісінше, басқаларға деген сенімділікті көрсетеді.

Терезелер.

Үлкен терезе – ашықтық, мейірбандықты білдіреді. Бір немесе бірнеше кішкентай терезелер, торлы терезелер – тұйықтық, комплекстің барлығын, сараңдықты, басқаларға ешнәрсе бермеу, олардан бір нәрсе алмау қасиетінің белгісі.

Есіктер.

Егер есік үйдің ортаңғы бөлігінде орналасса, қонақжайлылық пен ашық жарқындықты білдіреді. Шатырлы есік – кең пейілділік пен өзіне сенімділікті білдіреді. Ашық есік – ашықтық.. Жабық есік – тұйықтық.. Егер есік қабырғаға жақын болса, қарым – қатынастың жетіспеушілігін білдіреді. Мұндай адамдар контактіге тез түсе алмайды. Егер есік тым үлкен болса, жеңілтектікті, сонымен қатар аса кең пейілділікті білдіреді.

Мұржалар.

Мұржаның жоқ болуы – сенімсіздіктің белгісі. Түтінсіз мұржа - өмірге разы болмау, өмірден көңіліқалғандықты білдіреді. Түтінді мұржа – кеңпейілділіктің белгісі. Мұржада ұсақ бөлшектер, кірпіш салынса - өмірлік оптимизмді білдіреді.

infourok.ru

Арт - терапия. 3 сынып

Мұғалімдерге және ата-аналарға арналған әдістемелік көмекші құрал

Арт-терапия

арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

Бастауыш сынып мұғалімі Бердібекова.А.А

Бекі бастауыш мектеп ММ

Бекі ауылы

2017-2018 оқу жылы

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Арт - терапия элементтерін дамытушы-түзетуші тренингтер кешенімен бірге байланыстыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде ұйымдастырып, қолданып отырса тұлғаны дамытуда үлкен жетістікке жете отырып, баланың шығармашылық қабілеттерін арттыруға, ой-өрістерін дамытуға болады.

«АРТ- ТЕРАПИЯ арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»

Ғұлама ғалым Әл- Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез- құлыққа байланысты» деп ой түйіндеген екен.

Қазіргі таңда баланың шығармашылық қабілетін арттырудағы ең жақсы, тиімді әдістің бірі: арт - терапия әдісі болып табылады. Арт - терапия элементтік жаттығулары, шығармашылық әрекеті балаға өзін тануға мүмкіндік береді, өзінің қарым –қатынасын, бүкіл әлемге және айналасындағы адамдарға танытады. Бала шығармашылығы ол оның шынайы өмір көрінісі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – баланың бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. 
Арт - терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт - терапия терминін ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді. Арт терапияның негізгі мақсаты- баланың өзін-өзі көрсетуі мен өзін-өзі тануын өнер арқылы дамыту.

Арт-терапия көп қаржыны қажет етпейді. Арт-терапиядан сабақ кез келген кабинетте, топпен де, жеке де өткізіледі. Үшіншіден, арт-терапия өте қызықты! Балалар өздері жасаған дүниеден рақаттану сезіміне бөленеді, олар оны беріліп жасағандықтан, көбінесе қорқыныш сезімінен, психологиялық қиыншылықтардан қалай арылғандарын байқамайда қалады. Арт - терапия дегеніміз адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды деген сөз. Яғни, арт - терапия элементтерін дамытушы-түзетуші тренингтер кешенімен бірге байланыстыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде ұйымдастырып қолданып отырса жеке тұлғаны дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады. 
Арт - терапия – психодиагностикалық, психопрофилактикалық
писхокоррекциялық қызмет атқарады. 

1. Бейнелеу терапиясы – бірінші кезекте сурет салу терапиясы болып табылады.
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады. 
Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.
Бейнелеу терапиясы түрлі әдістермен жүзеге асырылады.Олар:
1.Саусақпен сурет салу. 
2.Сабынмен сурет салу. 
3.Щеткамен сурет салу. 
4.Майшаммен сурет салу. 

Ертегі терапиясы – ертегімен жұмыс істеу баланы емдеу мен көмек беруге тікелей бағытталған. Ертегі терапиясы балаға өмірлік қиыншылықтары мен проблемаларына шешім тауып, ертегімен жұмыс істей алатындай (оқи отырып, ойдан шығарып, ойнап көрсетіп, жалғастырып) жағдай жасайды. Сабақта әңгімелеу бөлімінде ертегілерді жартылай айтып, әр қарай ойдан шығартып, өз ойынша жалғастыртып, сахналатып отырамын. Ертегі арқылы баланың ойы, қиялы дамиды, көңіл-күйі көтеріледі. Ертегідегі әр бір кейіпкер болып ойнау балаға қосымша күштерді меңгертіп, бала бойындағы шығармашылық қабілеттерді шыңдайды. Сонымен қатар, топпен де, жеке де жұмыс жасауға үйретеді. Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. 

Ертегі терапиясы – ертегімен жұмыс істеу баланы емдеу мен көмек беруге тікелей бағытталған. Ертегі терапиясы балаға өмірлік қиыншылықтары мен проблемаларына шешім тауып, ертегімен жұмыс істей алатындай (оқи отырып, ойдан шығарып, ойнап көрсетіп, жалғастырып) жағдай жасайды. Сабақта әңгімелеу бөлімінде ертегілерді жартылай айтып, әр қарай ойдан шығартып, өз ойынша жалғастыртып, сахналатып отырамын. Ертегі арқылы баланың ойы, қиялы дамиды, көңіл-күйі көтеріледі. Ертегідегі әр бір кейіпкер болып ойнау балаға қосымша күштерді меңгертіп, бала бойындағы шығармашылық қабілеттерді шыңдайды. Сонымен қатар, топпен де, жеке де жұмыс жасауға үйретеді. Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына

көмектеседі. 

3. Құм терапиясымен– екі бағытта жұмыс жасалады. Олар сулы және құрғақ.
Екі поднос бірі құммен, екіншісі сумен толтырылды. Балаларға оған қоса құмды қалыптар және әр түрлі кіп-кішкентай фигуралар берілді.Балалар құм мен суды араластыра отырып, оны қалыптарға сала отырып түрлі мүсіндер жасап шығарады. Бұндай әдісті М. Ловенфельд өзінің әдістемесінде «әлемді құру техникасы» деп атады, мұндай ойға барлық материалдарды көрген баланың: «Ойын ойнауға болатын бұл бүкіл әлем ғой» [4] - деп айқайлап жібергені итермеледі. Баланың салған «әлемнің» сахнасы оны жасаушы мен терапевтке баланың психологиялық жағдайын түсінуге мүмкіндік береді.
Бұл әдіс соңғы кезде бой ала бастаған өзгеше әдіс. Құмды илеу арқылы қалыпқа салу жұмысы баланың ойын әрекетімен қатар,жақсы нәтижеге қол жеткізе алатынына сенімін туғызады және көңіл-күйі көтеріледі.
Құм терапиясының әсіресе құммен сурет салу тәсілі бала психикасына әсерін тигізбей қоймайды. Бұл әдіспен суреттеуге балалар аса қызығушылық танытады. Өйткені баланың сурет салу барысында ұсақ саусақ моторикасының, есте сақтау қабілеттің, қозғалыс ептілігінің, жүйке жүйесінің жоғары , белсенді деңгейде жұмыс жасауынан туындайды. Құммен суреттеу кезінде баланың жүйке,саусақ, есте сақтау,епті қозғалыстарының синхрондалуынан жүйкеде екі жақты даму (қос қолмен сурет салғандай) іске асады. 

Музыка терапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді.
Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады. 
Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді. 
Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі. 
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді. Әуен терапиясының әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы балалардың бойынан айналадағы болып жатқан сан –алуан құбылыстарды өз шығармашылығымен байланыстыра білуге және  де көркем сөзбен кестелеп, бала жүрегіне жеткізу оның жан – дүниесін байытып, сана сезімін оятып, ақыл ойын дамытуға көп мән беріп отырамын.

5. Драма терапия - балаларды рольдерде ойнату арқылы дамыту. Баланың бірі-бірімен қарым-қатынасына, өзін-өзі жоғары бағалауына ықпал етуші терапия .Түрлі психолгиялық мәселелердi шешуге мүмкiншiлiк бередi. Драматерапияны неміс ғалымдарының бірі - барлық мүмкіншілікті зерттеуге болатын зертхана іспетті деген екен.
Бұл жаңаша тәсіл. Сабақ бір сюжетке байланысты бағытталады да , театрландырылған кейіпте өтеді. Бұл тәсілде сабақтың түрлі әдіс-тәсілдері бір-бірімен үйлесім табады. 

6. «Түстермен байланыс» терапиясы арқылы баланың түстерге таңдау жасауы - бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуын қалыптастырады. Түйсігі мен қабылдауы мол баланың қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп баланың сенсорлық мәдениеті,оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады. Балалар ересектерге қарағанда анағұрлым сезімтал болғандықтан, түстердің әсерін күштірек қабылдайды. Ол үшін баланың әуестігіне мән беріп, қай түсті ұнататынын аңғару керек. Балаға жақтырмайтын түстерін тықпалауға болмайды.. Баланың қай түске ұмтылатындығына қарап, үнемі ұнататын түстері арқылы оның туабітті табиғи ерекшелігін, темпераментін анықтауға болады. Түс арқылы емдеуді бала тәрбиесінде күнделікті қолдану керек. Оны ойын түріне айналдыруға да болады

7. Ойын терапиясы- арт - терапияның бір түрі. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады. 
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. 

Арт - терапиялық әдістерді пайдалану нәтижесінде:
• Топта оң әсерлі бетбұрыс жасайды; 
• Құрдастарымен, тәрбиешілерімен, басқа да ересек адамдармен қарым-қатынас жасауды жеңілдетеді.
Көркем өнерге бірге қатысу ол өзара қабылдау, эмпатия қарым-қатынасын жасауға мүмкіндік береді; 
• Баланың мәдени ұқсастығын арттырады, тілдік кедергіні, жеңіп шығуға мүмкіндік береді; 
• Қандай да бір себептермен ауызша талқылауға қиын болып табылатын нақты проблемалардың немесе қиялдардың шешімін табуға мүмкіндік береді; 
• Әр түрлі сезімдерді символдық деңгейде пысықтауға, оларды әлеуметтік қолайлы нысанда зерттеуге және көрсетуге мүмкіндік береді; 
• Ішкі бақылау сезімін дамытады. АРТ – сабақтары түйсіну мен көру сезімі арқылы эксперимент жасауға жағдай жасайды, 
* сенсомоторлық ептіліктің, жалпы алғанда кеңістікте түйсік пен 
бейімделуге жауап беретін бас ми жартышарларының дамуына ықпал етеді; 
• Шығармашылық өз ойын білдіруге, қиялдауды, эстетикалық тәрбиені, бейнелеу өнерінің тәжірибелік машығын, жалпы алғанда көркем өнерге деген қабілетін дамытуға мүмкіндік береді; 
• Баланың бейімделу қабілетін арттырады, шаршауды, оқуға байланысты болатын жағымсыз жағдайлардан арылтады.

Қорытынды:

«Балаға берілетін білім оның көзіне көрінетіндей, құлағына естілетіндей және қолына ұстайтындай болуы керек, яғни бала білімді өзінің сезім мүшелерімен терең сезінуі керек,сезімге әсер еткен білім ғана балада жеңіл қабылданып, ұзақ есінде сақталады» - деген психолог П.Я. Гальпериннің сөзімен аяқтаймын.

infourok.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *